×

Ресей ядролық қаруды сынап көрді

«Ярс» пен «Синева» баллистикалық ракетасы ұшырылған

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2023 | 12:27
Фото: Сергей Бобылев / ТАСС

25 қазанда Ресей Қорғаныс министрлігі Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан Камчаткадағы «Кура» полигонына қарай «Ярс» атты құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшырды. Одан кейін Баренц теңізіндегі «Тула» атомдық суасты крейсерінен «Синева» баллистикалық ракетасы ұшырылған. Осы екі зымыранның ұшқан сәтінен видео жарияланды.

Ресей бас штабының басшысы Валерий Герасимовтың айтуынша, жаттығуда алыс қашыққа ұшатын екі Ту-95МС зымыран тасығышы да болған.

Ресейдің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері былтырдан бері болашақта елге шетелден қауіп төнетін болса, жаппай қырып-жоятын қару қолданылуы мүмкін екенін айтып жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама