×

Алматыдан 621 шақырым қашықтықта 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 621 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан

 Халық үні 25.10.2023 | 21:45
Фото: moskva.bezformata.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 25 қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 16:49-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 621 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы 11.6.

Магнитудасы 5.2. MPV.

Тереңдігі 10 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама