×

Түркия Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдады

Енді Скандинавия елдері Солтүстік Альянстың құрамына кіреді

 Дастан Жұмабекұлы 24.10.2023 | 12:02
Фото: NEXTA Live

Түркия президенті Режеп-Тайып Ердоған Швеция Корольдігінің НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды.

Енді құжатты Түркияның Парламенті бекітеді. Хаттама заң шығарушы органға жіберлді. Бұған дейін Түрік Республикасы Скандинавия елдері – Финляндия мен Швецияның Солтүсік Альянсқа мүше болуы туралы өтінішін қолдамаған еді.

Финляндия осы кезге дейін бейтарап мемлекет болып келді. Скандинавия елдері 2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң өздерін НАТО құрамына алу жөнінде өтініш берген. Финляндия 2023 жылдың сәуірінде НАТО-ның мүшесі болды. Ал Швецияның НАТО-ға қосылуына Түркия мен Венгрия қарсылық білдірген. Енді міне, түрік билігі Швецияның сол ұйымға мүше болуын қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама