×

Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Үш күдікті қамауға алынды

 Динара Амантай 23.10.2023 | 17:42
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында 3 азамат ұсталған. Тінту кезінде 40 келі синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып, тәркіленді.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама