×

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіпкерлерден 7 млн теңгеден аса қаражатты негізсіз өндірген

Прокуратура мекеменің құқықтық актісіне өзгерістер енгізді

 Динара Амантай 23.10.2023 | 15:15
Фото: railways.kz

Қостанай көлік прокуратурасының ұсынысы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің жүк тасымалдаушы филиалы Қостанай бөлімшесінің құқықтық актісіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл акт прокуратураның араласуына дейін жүк тасымалдаушы тарапынан «Қостанай» станциясының ішінде вагондарды жылжыту үшін кәсіпкерлерден қаражат алуға мүмкіндік берген. Басқаша айтқанда, станция шекарасы шегінде вагондарды әрбір беру-жинау үшін алымдар көзделген. Бұл өз кезегінде түпкі тұтынушы (қарапайым азаматтар) үшін олардың өнімдерінің қымбаттауына алып келген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Салдарынан кәсіпкерлерден 7 млн теңгеден астам алым негізсіз өндірілген.

Жоғарыда көрсетілген ұсынуды қарау нәтижесі бойынша қосымша алымдарды өндіріп алудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды. Бүгінде кәсіпкерлерге қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ұлттық тасымалдаушының осыған ұқсас құқықтық актілерін зерделеу жөніндегі жұмыс басқа өңірлерде де жалғасын табады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама