×

Шар қаласының 60 жылдығына орай жаңа нысандар ашылды

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған стелла ашылып, қаладағы орталық сахна күрделі жөндеуден өтті

 Халық үні 23.10.2023 | 12:23
фото: Абай облысы әкімдігі

Жарма ауданы Шар қаласының 60 жылдығына орай күрделі жөндеуден өткен орталық сахна мен «Батырлар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті.

Мереке қонақтары орталық алаңға орнатылған Кеңес Одағының батыры Петр Карелиннің мүсіні мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған стелланың ашылуын тамашалады.

Аллеядағы ескерткіш тақтаға майданнан оралмаған 2500 ардагердің, сондай-ақ соғыс аяқталғаннан кейін қаза тапқан жауынгерлердің есімдері жазылған.

Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров жиналған халықты шаһардың мерейтойымен құттықтап, бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бізге бейбітшілік сыйлаған батырларымыздың ерлігінің арқасы екендігін ерекше атап өтті.

Жергілікті тұрғындардың тілегін ескере отырып, қала мерейтойына орай орталық сахна күрделі жөндеуден өтіп, мемориалдық тақта және ескерткіш қола мен граниттен жасалды. Бұл жер тұрғындардың демалуы үшін жайлы мәдени орынға айналады.

Шараға қатысушылар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Орталық алаңда жиналған қауымға арнайы қала тарихына арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шар қаласының 60 жылдығына орай мешіт ашылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама