×

Республика күні қазақстандық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді – ІІМ

Министрлікте жедел штаб жұмыс істейді

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 11:25
Фото: Halyq Uni/Дәурен Ерболатов

Биыл 25 қазанда Қазақстанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, полиция адам жұрт көп жиылатын орындардағы тәртіпті бақылайды.

24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген.

Полиция жасақтары жұрт көп жиналатын және демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады», - деді Айдын Оразбаев ІІМ-де өткен брифингте.

Ол ахуалды бақылау үшін министрлікте Жедел штаб жұмыс істейтінін атап өтті. Бұған ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады.

Жалпы министрлік «Республика күні» азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіпті қамтамасыз етуге бар күшін салады, - деді ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама