×

СҚО-да қайғылы жағдай болды

Жеңіл көліктің 53 жастағы жүргізушісі Мамлют аудандық ауруханасында көз жұмды

 Халық үні 23.10.2023 | 07:34
фото: ПД

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында Audi мен МАЗ көліктері соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД-ның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Мамлютка-Қостанай» республикалық маңызы бар автожолының 7 шақырымында болды.

Audi мен МАЗ-дың соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің 53 жастағы жүргізушісі Мамлют аудандық ауруханасында көз жұмды.

МАЗ көлігін 33 жастағы ер адам тізгіндеген. Медициналық куәландыру оның спиртті ішімдік ішпегенін көрсетті. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама