×

Головкиннің орнын басқан Әлімханұлы әлемдегі алғашқы ондықтың басында тұр

Ал Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан 6-ға көтерілді

 Еркеғали Болатұлы 20.10.2023 | 17:28
фото: Жәнібек Әлімханұлының Instagram-дағы парақшасынан

Американың әйгілі The Ring журналы бокстан орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлады prosports.kz.

Онда алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгеріс бар екен. Мысалы, рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін 2-орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан 6-ға көтерілді.

Сонымен, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті мынадай:

1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

2. Карлос Адамес (Доминикан);

3. Эрисланди Лара (Куба);

4. Сергей Деревянченко (Украина);

5. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания);

6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан);

7. Элайджа Гарсия (АҚШ);

8. Феликс Кэш (Ұлыбритания);

9. Лиам Смит (Ұлыбритания);

10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама