×

Португалияда футболшыға ақ қағаз көрсетілді (ВИДЕО)

Шабуылшы қарсылас команданың қорғаушысы жарақат алғанда допты алаңның сыртына теуіп жіберді

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2023 | 17:05
Фото: Obozrevatel.com

Португалия чемпионатында футболшыға қарсылас командаға құрмет көрсеткені үшін ақ қағаз көрсетілді.

Мачт кезінде бесінші дивизионда ойнайтын клубтың шабуылшысы қарсылас команданың қорғаушысы айыпдоп алаңында жарақат алып қалғанда қақпаға жақындап, доп соғудың орнына оны алаңның сыртына теуіп жіберді. Осылайша ол футболшыға дәрігерлер көмек көрсету үшін жарақат алған ойыншының командасына құрмет көрсетті. Осы үшін шабуылшы төрешіден ақ қағаз алды.

Футбол тарихында ақ қағаз осымен екінші рет көрсетіліп отыр. Бұл қағазды төреші футболда командаларға әділ ойынды насихаттау үшін көрсетеді. Бірінші рет ақ қағаз биылғы қаңтарда  Лиссабон қаласының «Спортинг» және «Бенфика» әйелдер клубтарының медициналық ұжымдарына берілді. Онда клубтар Португалияның кубогы үшін ойнаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама