×

Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 20.10.2023 | 15:41
Фото: polisia.kz

Алматы облысының полицейлері шамамен 8 мың бірреттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстаған. Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат қарапайым адамдар арасында «жылдамдық» деп аталатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал жалпы салмағы – шамамен 3 келі.

Айта кетсек, арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама