×

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасына спортшылар іріктелді

Бұл додада 2005-2008 жылдары туған спортшылар шаршы алаңға шығады

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2023 | 12:03
Фото: olympic.kz

21 қазан-4 қараша аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қыздар құрамасы анықталғаннан кейін ерлер арасындағы жастар және жасөспірімдер командасы да белгілі болды.

Бұл додада 2005-2006 жылдары (жастар) және 2007-2008 жылдары (жасөспірімдер) туған боксшылар шаршы алаңға шығады.

2005 және 2006 жылғы жастар арасында ел намысын төмендегі боксшылар қорғайды.

Жастар құрамасы:

  • 48 кг: Бексұлтан Боранбек
  • 51 кг:  Ислам Машкентаев
  • 54 кг: Жансері Көшербаев
  • 57 кг: Бек Жолдасбек
  • 60 кг: Бақтияр Анарбаев
  • 63,5 кг: Төрехан Сабырхан
  • 67 кг: Нұрбек Мурсал
  • 71 кг: Ислам Советов
  • 75 кг: Алдияр Әбділлаев
  • 80 кг: Дәулет Төлемісов
  • 86 кг: Виктор Литвинов
  • 92 кг: Нұржан Думан
  • + 92 кг: Иван Ермоленко

Жасөспірімдер құрамасы:

  • 46 кг: Нұғман Нығмет
  • 48 кг: Алдияр Баһадүр
  • 50 кг: Ерәділ Ұзақбай
  • 52 кг: Нұрасыл Төлебек
  • 54 кг: Бауыржан Мұратов
  • 57 кг: Әлихан Әскер
  • 60 кг: Асқар Қуаныш
  • 63 кг: Тагир Сатаев
  • 66 кг: Бекарыс Нұрмұхан
  • 70 кг: Жасұлан Бердалы
  • 75 кг: Жандос Алпысбаев
  • 80 кг: Бақытжан Айтмұханов
  • + 80 кг: Бексұлтан Қайратұлы

Азия чемпионаты Астанадағы Тұран даңғылы, 4/2 мекенжайында орналасқан Beeline arena спорт кешенінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама