×

Қырғыз-тәжік шекарасының тағы 14 шақырымы келісілді

Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 970-980 шақырым

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2023 | 16:30
Фото: economist.kg

Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекарасының тағы 14 шақырымы келісілді. Economist.kg порталының хабарлауынша, бұл шешім 12-18 қазанда Тәжікстанның Бустон қаласында екі елдің шекараны бекіту комиссиясының жұмысы кезінде қабылданған.

Бұл кездесуде қос тарап шекараның жалпы 43,32 шақырымына келісім бергенін хабарлады.

Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 970-980 шақырым. Шекараны бекіту жұмысы 2002 жылы басталып, 2020 жылға дейін 519 шақырымы бойынша толық келісімге келген.

Былтыр екі елдің мемлекет басшылары 664 шақырым бойынша келісімге келуге болатынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама