×

Украина қарулы күштері Қырымға жақындап келеді

Теңіз жаяу әскері Херсон облысының сол жағалауына келіп, Ресей армиясының позицияларын алды

 Дастан Жұмабекұлы 19.10.2023 | 13:47
Фото: ukrinform.ua

Украиналық теңіз жаяу әскерлері Қырым түбегіне жақындап келеді. Кеше олар Херсон облысының сол жағалауына келіп, Ресей армиясының позицияларын алды.

Геолокацияланған кадрлар украин жауынгерлерінің Херсоннан шығысқа қарай 14 шақырым және Днепр өзенінен 3 шақырым жерде орналасқан Песчановкадан солтүстікке қарай Поимаға (Херсоннан шығысқа қарай 11 шақырым және Днепр өзенінен 4 шақырым) алға жылжығанын көрсетті.

Бұл мәліметті Ресейдің ақпарат құралдары да растады.

17-18 қазанда Украина қарулы күштерінің екі шабуылдау тобы Днепрдің шығыс жағалауына келіп, Ресей қарулы күштерінің қорғанысын бұзып өтіп, бүкіл Пойманы және Пещановканың солтүстік шетіндегі позицияларды уақытша басып алды, – деп хабарлады БАҚ.

Қазір Ресей әскері Песчановканың оңтүстік бөлігін ғана бақылауға алды. Бұл жерге олар 18 қазанда табан тіреген.

Қырымның солтүстік-батыс бөлігіндегі Новозерное ауылындағы әскери-теңіз базасында жауынгерлік дайындықтан өткен дельфиндерге арналған қоршаулар пайда болды. Бұған дейін бұл жерге украин арнайы жасақтары шабуыл жасаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама