×

Италия қазақстандықтарға виза беруді жеңілдете ме – СІМ жауабы

Мәселені шешу үшін елшілікпен келіссөз жүргізілген

 Дәурен Ерболат 16.10.2023 | 18:25
Фото: Halyq Uni

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров Италияның қазақстардықтарға виза беруге қатысты туындаған мәселеге түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында журналист «Италия Қазақстан азаматтарына виза беруді ұзақ қарастырып жатыр. Олар оны бірнеше ай күтуге мәжбүр. Мәселе қашан шешіледі?» деп сұрақ қойды.

Айбек Смадияров мәселе бақылауда екенін атап өтті.

Біз бірнеше рет Италия консулы мен елшісіе Сыртқы істер министрлігіне шақырып әңгімелестік. Алматы мен Милан арасында тікелей әуе рейсі бар. Ол жаққа көп жолаушылар қатынайды. Бұрын Италия елшілігіне виза бойынша жеке компания қызмет көрсеткен. Олар бұл компаниямен келісімшартты бұзып, құжаттарды мұқият және жылдам өңдейтін басқа компанияны жалдаған. Бұл туралы бізге италиялық дипломаттар айтты. Менің ойымша, мәселе алдағы уақытта шешіледі, - деп сендірді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін шетелдегі қазақстандықтар үшін төлқұжат алу жеңілдейтіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама