×

Каспий теңізінде итбалықтар тағы қырылып жатыр

25 өлі итбалық ұшасы мен 33 бекіре тұқымдас балықтар табылған

 Еркеғали Болатұлы 15.10.2023 | 18:00
фото: Балық шаруашылығы комитеті

Бүгін сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Түпқараған ауданына қарасты Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 бекіре тұқымдас балықтарды тапты.

Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, табылған теңіз жануарлары мен балықтардың өлексесі әртүрлі дәрежеде ыдыраған. Бұл олардың өлімі әр уақытта болғанын көрсетеді.

Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы факті туралы жұмыс тобының барлық мүшесіне (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғатты қорғау прокуратурасы) хабар берілді. Итбалық табылған жердегі жұмыс тобын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары басқарып отыр. Жұмыс тобының қалған мүшелері су, ауа, топырақ сынамаларын алу және мүмкін болса, өлі жануарлар мен балықтардың тіндерінен сынамалар алу үшін барады, – деп мәлімдеді Балық шаруашылығы комитеті.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің қызметкерлері Каспий теңізінің қазақстандық және ресейлік секторларының акваториясындағы ресейлік ғылыми мекемелермен бірлесіп, 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басындағы итбалықтардың қысқы шоғырлануы кезеңінде жүргізген санау қорытындысы бойынша есептелген итбалықтардың жалпы саны 259 872 (Каспий теңізінің қазақстандық секторында – 240 168, ресейлік секторда – 19 704) болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама