×

Ресей мен Украинаның жүк кемелері соқтығысты

Астық таситын кемелер соқтығысы Мармара аралына жақын жерде болған

 Еркеғали Болатұлы 15.10.2023 | 15:55
фото: видеодан скриншот

Түркия жағалауында күтпеген жерден астық тасымалдайтын екі жүк кемесі соқтығысты.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Панама туының астында ресейлік астық тиелген 169 метрлік Asomatos кемесі Кавказ портынан Израильге бет алған. Ал 122 метрлік сусымалы жүк тасымалдаушы «Хаже Халиме» Комор аралдарының жалауын желбіретіп, Измаил портынан Испанияға Украина бидайын тасымалдады.

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Бірақ суретке қарағанда «Хаже Халимеге» артқы жағындағы бүйір жағынан зақым келген. Төтенше жағдайдың себебі әзірге белгісіз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама