×

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Ол германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 15.10.2023 | 10:05
Фото: twitter.com/trboxing

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Розенберг қаласында IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке шықты. Бұған дейін қазақ боксшысы 14 рет рингке шығып, бәрін жеңіп, оның 9-ын нокаутқа түсірген.

Осы жолы да Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке тастүйін дайын болып, қолғап түйістірді. Германиялық боксшы да осал спортшы емес. Ол осы кезге дейін 22 рет рингке шығып, соның 21-інде жеңген. Оның 7-еуін нокаутпен аяқтаған. Біреуінде ғана тең түскен. Биыл шілде айынан бері орта салмақтағы IBF титулын иеленген.

Боксшылардың жекпе-жегі аса тартысты болды. Жәнібек Әлімханұлы 1-раундтан бастап ашық айқасқа шығып, 6-раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.

Осы жеңістен кейін Жәнібек Әлімханұлы екі белбеуді иеленді. Жекпе-жекте қазақ боксшысының ауыр соққыларынан кейін төреші айқасты 6-раундта тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокста 15 рет жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы 21 жеңістен кейін алғаш рет жеңілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама