×

Euro - 2024: Қазақстан құрамасы Даниядан жеңілді

Құрама қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді

 Халық үні 15.10.2023 | 02:57
фото: prosports.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы жетінші турында Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді, деп хабарлады Kazinform.

Қазақстандық футболшылар H тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін ел құрамасы 12 ұпай жинап, төртінші орында тұрған еді. Ал екінші орындағы Данияның еншісінде 13 ұпай бар болатын.

Сондықтан бүгінгі кездесуде құрамалар жеңіске жетуге күш салып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға күш салды.

Алғашқы минуттан даниялық футболшылар жылдам гол соғуға ұмтылды. Дегенмен ойынның 36-минутына дейін қақпа құлпы ашылған жоқ. Даниялық Йонас Винд сол уақытта өз құрамасын алға шығарды. Одан кейін Роберт Сков 45, 48-минутта есепті үстемелей түсті.

Ойынның 58-минутында қазақстандық Ян Вороговский мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Енді олар алдағы ойынын 17 қазанда сырт алаңда Финляндияға қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама