×

Израиль Газада оқ-дәрі ретінде ақ фосфор қолданғаны белгілі болды

Ақ фосфор — тез тұтанғыш зат

 Халық үні 14.10.2023 | 20:55
Фото: hrw.org

Бейсенбі күні Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы израильдік әскерилердің Газа секторы мен Ливандағы бомбалау кезінде ақ фосфор қолданғанына дәлел тапқанын хабарлады. Құқық қорғаушылар мұндай қару қолдану бейбіт тұрғындардың денсаулығына ауыр зардап әкелетінін баса айтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Ақ фосфор — тез тұтанғыш зат.

Оны әскерилер кейде аумақтарды белгілеуге пайдаланады, бірақ ол қатты күйік туғызуы мүмкін және адам көп шоғырланған жерде қолдану өте қауіпті.

Ақ фосфор оттегімен жанасқанда тұтанып, қою ақ түтін шығарады.

HRW Газа мен Ливанда түсірілген ақ фосфорлы артиллериялық снарядтардың жарылғанын көрсететін фото-кадрларға талдау жасады.

Сонымен қатар, ұйым AFP агенттігінің Газада түсірілген аспандағы ақ жолақтарды көрсететін фотосуреттерге де назар аударды.

«Әлемдегі ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі Газада ақ фосфор пайдалану — бейбіт тұрғындар үшін аса қауіпті және бейбіт тұрғындарды қауіп-қатерге ұшыратуға тыйым салатын халықаралық гуманитарлық құқықты бұзады», — дейді құқық қорғаушылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама