×

Газа секторындағы соққылардан 1500-ден аса адам қаза тапты

Секторға электр қуаты мен су беру тоқтатылған

 Дәурен Ерболат 13.10.2023 | 09:05
Фото: AP Photo / Hatem Moussa

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан 1500-ден аса адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан 1 537 адам қаза тауып, 6 612 адам жарақат алған.

Еске сала кетсек, биыл 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторынан Израильге зымыранмен шабуыл жасаған болатын. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында «Темір қылыш» операциясын бастады.

Израиль Газа секторына су, азық-түлік, электр қуаты, дәрі-дәрмек және отын жеткізу тоқтатылғанын мәлімдеді.

Екі жақтан да мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше мың израильдік пен палестиналық жараланған.

10 қазанда Air Astana әуе компаниясының арнайы рейсімен Қазақстан азаматтары Израильден эвакуацияланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама