×

«Қазақстан халық жазушысы» атанғандарға 18 мың үстемақы қарастырылған

Республика күні қарсаңында әдебиет саласындағы ең жоғары сыйлық табысталады

 Дәурен Ерболат 12.10.2023 | 13:41
көрнекі фото: ako

«Қазақстан халық жазушысы» атағын алғандарға шамамен 18 мың теңге үстемақы қарастырылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биылдан бастап қайта қолға алынатын «Қазақстанның халық жазушысы» атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі. 1999 жылдан бастап бүл атақты беру тоқтатылған.

Сенаттың жалпы отырысынан соң Арман Жүдебаев «Қазақстан халық жазушысы» атанған тұлғаға қандай материалдық төлем берілетінін айтты.

«Қазақстан халық жазушысы» атағы әдебиет саласындағы ең жоғары атақ болады. Үкіметтің тиісті қаулысы бар. Бұл тұрғыда ол кісілер мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе, онда тиісті үстемақы төленеді. Ал жұмыс істемесе, төлем жасалмайды. Жалпы мұндай жағдайда ешқандай қаржылық есептеу қарастырылмаған. Олар (атақты алғандар – авт.) Мәдениет және ақпарат министрлігінің тиісті мемлекеттік мекемелерінде қызмет етсе, 17 954 теңге сомасындағы үстемақы алады», - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Halyq Uni тілшісі бір топ Мәжіліс депутатынан «Мемлекеттік сыйлық әділ беріле ме?» деген сұраққа жауап алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама