×

«Қызды өзен маңында 4 жігіт зорлап, видеоға түсірген»: Түркістан облысындағы шулы іске қатысты күдікті қамауға алынды

Ресми мәліметтер бойынша, бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелген

 Халық үні 11.10.2023 | 21:52
Фото: klike.net

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов 14 жастағы қыздың зорлануына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство басшысы Төле би аудандық полиция бөлімінде осы іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Полиция департаментінің бастығы ретінде зорлық-зомбылық дерегі бойынша істің барысын түсіндіргім келеді. Егер қылмыс жасалса, заң шеңберінде процестерді жүргізу, нақты шешімдер қабылдау және барлық жағдайды анықтау қажет. Заңды шешімдер кезең-кезеңімен қабылданады», - деді Қабденов.

Ресми мәліметтер бойынша, бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен бірнеше адамнан жауап алынды.

«Күдікті ретінде танылған адам қамауға алынды. Осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Түркістан облысы ПД басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында оқушы қыз өзін 4 жігіт өзен жағасында шешіндіріп, кезек-кезек зорлағанын айтып, полицияға шағымданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама