×

Ресей әуе күштері Украина бригадаларын 14 рет бомбалап кетті

Сондай-ақ ауыр артиллериялармен Макеевка ауданындағы 4-ші танк бригадасының взвод бекіністеріне 2 мәрте соққы жасаған

 Еркеғали Болатұлы 11.10.2023 | 12:39
фото: ria.ru

Ресейлік «Батыс» тобының тікұшақтары мен шабуылдаушы ұшақтары Украина қарулы күштерінің Купянск бағытындағы бригадаларына 14 рет соққы жасады. Бұл туралы топтың баспасөз орталығының басшысы, полковник Сергей Зыбинский мәлімдеді.

Купянск бағытында Ка-52 және Ми-28 шабуылдау тікұшақтарының экипаждары, «Батыс» әскерлер тобының шабуылдаушы авиациясының ұшақтары Синьковка, Ивановка, Стельмаховка және Берестовое елді мекендеріндегі 25-ші десанттық бригаданың, 14 және 32-ші механикаландырылған бригадалардың адам күшіне, қару-жарағына және әскери техникасына 14 ракеталық-бомбалық шабуыл жасады, - дейді ол.

Сондай-ақ ауыр атыс қондырғыларының экипаждары Макеевка ауданындағы украиналық 4-ші танк бригадасының взвод бекіністеріне 2 мәрте соққы жасаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама