×

«АрселорМиттал Теміртауды» тексеру қашан аяқталатыны белгілі болды

Мәселе қырағы бақылауда

 Дәурен Ерболат 11.10.2023 | 10:54
фото: newtimes.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бүгінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ын тексеру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында вице-премьер халық жиі көтеретін маңызды мәселенің бірі экология екенін атап өтті.

Аймақтар бойынша экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол карталары әзірленіп, іске асырылып жатыр. Бұл – өндірісті жаңғырту, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктерді газға көшіру, қалаларды көгалдандыру, талайдан бері ластанып жатқан жерлерді тазалау сияқты шараларды қамтиды, - деді Тамара Дүйсенова.

Үкімет басшысының орынбасары Ұлытау облысының экологиялық ахуалын зерделеу үшін арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

Ауадан, топырақ пен судан сынама алынып, тексеріліп жатыр. Оған қоса, аймақтың радиациялық ахуалына бағалау жұмыстары жүргізілуде, - деді ол.

Вице-премьер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында экологиялық аудит жүргізіліп жатыр. Тексеруді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді Тамара Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама