×

Астанада жеке сот орындаушылары аса ірі көлемде ақша жымқырған

Олар 6 ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған қаражатты иемденген

 Динара Амантай 11.10.2023 | 09:06
Фото: Halyq Uni

Астанада қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушылары аса ірі көлемде ақша жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше, екі жеке сот орындаушысы қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, 6 ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.

Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шотынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған, – деді Дархан Дүйсембай.

Жалпы олар 5 млн теңге жымқырған. Бүгінде прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтеліп, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама