×

Астанада педофил қос өгей ұлын «кесте бойынша» кезекпен зорлаған

Күні бойы жұмыста жүретін әйел балаларының тұйықтала бастағанына бірден назар аудармаған

 Халық үні 10.10.2023 | 21:55
фото: vestikavkaza.ru

Ақмола колониясының ішкі тәртіп режимін бұзған педофил аса қауіпті қылмыскерлер отыратын Қазақстандағы жалғыз «жабық» түрме — Арқалық колониясына ауыстырылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Ер адам бірнеше жыл бойы Ақмола колониясында жазасын өтеп жатқаны айтылады. 

Бірінші күннен бастап ол өзін дұрыс ұстамады, әкімшілікке дөрекілік танытып, отрядтағы серіктестерімен сөзге келіп, байланысып, өзгелермен шешіліп сөйлеспеген. Шағын шалғай ауылда өскен. Ауылдан 30 шақырым қашықтықта орналасқан мектепте ол 7-сыныпқа дейін оқыпты, одан кейін мүлде бармай қойған. Жаз бойы қой баққан. Өсе келе қойшы бала қалаға баруды жөн көреді, - делінген хабарламада. 

Астанада ер адам бір әйелмен танысып, оның қол астына кіріп алады. 

Айгүлдің екі баласы бар (12-13 жас аралығындағы ұлдар). Күні бойы жұмыста жүретін әйел балаларының тұйықтала бастағанына бірден назар аудармаған. Белгілі болғандай, ер адам балаларды қорқытып, болған іс жайлы ауыз ашатын болса, аналарын өлтіретінін айтқан. Педофил "кесте бойынша" балаларды кезек-кезек зорлап отырған. Шамамен жантүршігерлік жағдай бір жылға созылады. Бір күні ағайындылар «кесте бойынша» кішісі қалған кезде үлкені полицияға хабар беруге уағдаласады, - делінген хабарламада. 

Мекемеде болған бірнеше жыл ішінде Серік көптеген бұзушылықтар мен жазаға ие болған.

«Жабық» мекемеге жібермес бұрын аумақтық сот педофилге қызметкерді қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлағаны үшін 40 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салды», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама