×

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру басшыларының кадрлық резерві құрылады

Оған 200-ге жуық маман кіреді

 Динара Амантай 10.10.2023 | 12:01
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Колледж басшыларының басқарушылық құзыреттілігін дамыту мақсатында 2025 жылға дейін кадрлық резерв құрылады. Оған 200-ге жуық маман кіреді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Колледж педагогтері мен басшыларының сапалы құрамын қалыптастыру мақсатында «мамандыққа бүйірлік кіру» мүмкіндіктері қарастырылған. 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өндірістен қабылданған педагогтерге аттестациядан өтпей, «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жылдан астам өндірістік еңбек өтілі бар мұғалімдердің еңбекақысына 35% қосымша ақы қосылады және сарапшы санаты беріледі.

Бұдан басқа, биыл 30 мыңнан астам колледж педагогтері біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Республиканың барлық өңірлеріндегі курстар аясында колледж педагогтері 5 түрлі бағдарлама бойынша білім алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама