×

Президент тапсырмасы: Щучьедегі студенттің өліміне қатысты жедел тергеу тобы құрылды

Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады

 Динара Амантай 10.10.2023 | 11:57
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысының Ақмола облысы Щучинск қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу бойынша берілген тапсырмасымен ІІМ орталық аппараты мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шықты.

Қосымша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу»), сондай-ақ қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсаланды деген арызымен ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент ІІМ басшысына аталған жағдайға байланысты арнайы тапсырма берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама