×

Белгілі дінтанушы Абдулла қажы Жолдас дүниеден өтті

Суық хабарды Батыр блогер өзінің әлеуметтік парақшасында жазды

 Халық үні 08.10.2023 | 23:59
фото: HIKMET TV

Белгілі исламтанушы-ғалым Абдулла қажы Жолдас өмірден өтті. 

Мендегі оқырмандарымның барлығына Абдулла атамыз өзінің уағыздарымен, өнегелі әңгімелерімен жақсы таныс деп ойлаймын. Әрбір айтқан әңгімесі өмірге сабақ. Осы уақытқа дейін атамыздың әңгімелерін әр жерден іздеп тауып, тіпті атамызбен бір емес, бірнеше рет сұхбат жазып, сіздер сұраған сұрақтарға жауап алып, өздеріңізге ыңғайлы етіп 1 минуттан кесіп салып жүрген едім. Әлі талай әңгімелері бар еді Абдулла Жолдас атамыз, ұстазымыз Раббысына қайтты. Алла рахымына алсын, - деп жазды ол. 

Марқұмның жаназасы ертең сағат 12:00-де Түркістан облысы, Төле би ауданы, Зертас ауылында оқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама