×

Qazaqstan ұлттық арнасында «Мергендер мекені» реалити жобасы эфирден көрсетіледі

Жеңімпаздарға демеушілер есебінен Астанадан пәтер, көлік, ақшалай сыйлық беріледі

 Халық үні 08.10.2023 | 13:28
фото: Halyq Uni

Бүгін сағат 16:00-де күзгі телевизиялық маусым аясында Qazaqstan ұлттық телеарнасынан ұлттық спортқа арналған «Мергендер мекені» реалити жобасы эфирге шығады. Жобаның бас серіктесі – Ұлттық спорт қауымдастығы.

Жобаның негізгі мақсаты – садақ ату өнерін қайта жаңғыртып, спорттың осы түрімен айналысатын қазақстандықтарды насихаттау. Оған 2 мыңнан астам кәсіби және әуесқой садақшы қатысып, түрлі қашықтықта садақ ату, қозғалмалы нысана, триатлон, жамбы ату кезеңдерінде бақ сынады.

Бағдарламадағы ең жас ойыншы 15-те болса, ең үлкені – 68 жаста. Жеңімпаздарға демеушілер есебінен Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер, көлік және 5 миллион теңге ақшалай жүлде табысталады.

Жоба жүргізушілері: Ардақ Қасымхан, Назерке Нұртас.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама