×

Пригожинмен бірге қаза тапқандардың денесінен граната сынықтары табылды - Путин

ФСБ Пригожиннің кеңсесінен 10 миллиард рубль қолма-қол ақша мен 5 келі кокаин тапқан

 Еркеғали Болатұлы 06.10.2023 | 10:27
фото: newizv.ru

«Вагнер» жеке әскери жасағының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандардың денелерінен қол гранаталарының сынықтары табылды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» форумында сөйлеген сөзінде айтты.

Оның айтуынша, ұшаққа сыртқы әсер болмаған. Бұл мәліметті Путинге Ресей тергеу комитетінің басшысы хабарлаған. Ол тергеу жалғасып жатқанын және алкогольге сараптама әлі жүргізілмегенін атап өтті.

Десе де біз Санкт-Петербургтегі компаниядағы атышулы жағдай кезінде ФСБ-ның Пригожиннің кеңсесінен 10 миллиард рубль қолма-қол ақшадан бөлек, 5 келі кокаин тапқанын білеміз, - деді Путин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама