×

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты

Түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді

 Халық үні 05.10.2023 | 22:18
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов әлеуметтік желіде хабарлады.

5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағында «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

Аталған деректі Кеген аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеді. Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді.

Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама