×

Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын жауапқа тартылды

Прокуратура қабылдаған шаралар бойынша мекеме мемлекетке 1,2 млрд теңге залалды өтеді

 Динара Амантай 05.10.2023 | 10:20
Фото: lada.kz

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы «Phystech II» АҚ қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Компания қызметінде қызметкерлердің еңбек құқығының бірқатар өрескел бұзушылықтары, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды, – делінген прокуратура хабарламсында.

Прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд теңге залалды өтеді. Сондай-ақ 70 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлды төледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама