×

ХҚКО қызметкерлері деректердің жария болып кетпеуіне жауапты болады

Корпорация мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылады

 Динара Амантай 04.10.2023 | 11:15
фото: kolesa.kz

Жалпы отырыста Мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі. Бұл қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәртебесі өзгертілмек. Корпорация фронт-кеңселердің жұмысы және қосымша сервистерді іске асыру бөлігінде мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылады.

Бұған қоса мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр. Заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық және Жер кодексіне түзетулер енгізу ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама