×

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлды болды

Көпшілік айтыскер ақынды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады

 Халық үні 03.10.2023 | 22:38
Фото: egemen.kz

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлды болды. Ақынның отбасындағы қуанышты айтыскер Сара Тоқтамысова жария етіп, сүйінші сұрады.

«Сүйінші, ағайын! Алла ұлық! Бүгін ақ түйенің қарыны ақтарылған күн. Серікзат ағам ұлды болды. Қуаныштан көңілім босап тұр. Ел тілеуі қабыл болды. Алланың салих құлдарынан болсын! Балапан ғұмырлы болсын! Ағатайым, Айнұр жеңгем екеуіңізді алақанда аялайтын нағыз жігіттің Сұлтаны болсын. Тілек жазып отыруды ұмытпаңыздар. Жақсылықты бөліссең көбейеді», – деп жазды Сара Тоқтамысова.

Көпшілік айтыскер ақынды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Еске сала кетейік, жылдың басында ақынның 16 жастағы Әлихан есімді ұлы оқыс жағдайда қайтыс болған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама