×

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов финалда кездеседі

Екі боксшы осыған дейін 9 рет жолыққан

 Халық үні 03.10.2023 | 20:41
Фото: yvision.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан ерлер арасында финалистер кімдер екені белгілі болды.

Аса ауыр салмақта (92 келідегі жоғары) финалда өзбек боксшысы Баходир Жалолов пен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев кездеседі. Жекпе-жек 5 қазанда өтеді. 

Отандасымыз үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Ал Жалолов Қытайдан келген этникалық қазақ боксшысы Байқоныс Данабекті нокаутқа түсірді.

Екі боксшы осыған дейін 9 рет жолыққан.

2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1  есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз қатарынан алты рет ұтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама