×

Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты

Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншілеген еді

 Халық үні 03.10.2023 | 19:47
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты.

Ол 92 келі салмақ дәрежсінде үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Қоңқабаев бокстан ерлер құрамасы сапында жолдамаға ие болған және финалға шыққан жалғыз боксшы.

Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншілеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама