×

Азиада: Бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады

Екі жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады

 Халық үні 03.10.2023 | 08:38
Фото: vesti.kz

Бүгін, 3 қазанда Қазақстанның екі боксшысы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шығу үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz сайты. 

Асланбек Шымбергенов күндізгі сессияда өнер көрсетеді. Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда жапондық Севон Окадзавамен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақытымен 14:15-те басталады.

Ал кешкі сессияда Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Ол 92 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жегін үндістандық Нарендермен өткізеді. Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Қазақ боксшылары қатысатын екі жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Азия ойындарының финалына шығу Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысу лицензиясына автоматты түрде кепілдік беретінін айта кету керек.

Ханчжоудағы Азия ойындарының бокстан ерлер арасындағы турнирінде барлық салмақ дәрежесінде финалға шыққандар Олимпиада лицензиясын алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама