×

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті шетелдік қылмыскер ұсталды

Қазір оны өз еліне экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 02.10.2023 | 17:13
Фото: polisia.kz

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген. «Заңсыз келуші-2023» өңірлік операциясы кезінде Тұран аудандық ПБ-ның көші-қон қызметкерлері Жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетел азаматын ұстады. Құқық бұзушының жеке басын анықтау кезінде оның Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды.

Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында ер адамның 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Алайда шетелдіктен ешқандай қару табылмады.

Қазір күдікті қамауға алынды. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама