×

Алматы облысында ер адам өгей қызын біраз уақыттан бері зорлап келген: полиция пікір білдірді

Ақши ауылының тұрғыны өзінің 10 жасар қызын азаматтық некеде тұратын жолдасы 2 жыл бойы зорлап келгені туралы арызданған.

 Халық үні 02.10.2023 | 08:31
фото: Halyq Uni

Алматы облысы Іле ауданының полицейлері облыста ер адам өгей қызын біраз уақыттан бері зорлап келген деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында Іле ауданында жасалған қылмыс туралы ақпараттың жариялану дерегі анықталған.

Осыған байланысты 28 тамызда жылы Іле АПБ-ның кезекші беліміне Ақши ауылының тұрғыны өзінің 10 жасар қызын азаматтық некеде тұратын жолдасы 2 жыл бойы зорлап келгені туралы арызданған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 28 тамызда осы қылмысқа күдікті ретінде 1985 жылы туған Ақши ауылының тұрғыны А. есімді ер адам ұсталып, күзетпен ұстауға алынды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама