×

Сағындық Тоғамбай – Азия ойындарының қола жүлдегері!

Қазір ел құрамасында осымен 30 медаль (3 алтын, 5 күміс және 22 қола) бар

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2023 | 15:51
фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында ел қоржынына 22-қола медаль түсті.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бокстан 1/2 финалда жерлесіміз Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты.

Сондай-ақ бүгін Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып отыр.

Айта кетейік, қазір ел құрамасында 30 медаль (3 алтын, 5 күміс және 22 қола) бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама