×

Жамбыл облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты

Әрбір 10-жол-көлік оқиғасы көлікті басқару кезінде ұйықтап кету салдарынан болады

 Динара Амантай 30.09.2023 | 17:39
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында әрбір 10-жол-көлік апаты көлікті басқару кезінде ұйықтап кету салдарынан болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көлік жүргізу кезінде демалыс пен еңбек режимін сақтамайтын жүргізуші ықтималды кісі өлтірушіге айналады. Сонымен қатар ол өзіне және жақындарына ғана емес, айналасындағы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге де қауіп төндіреді. Жүргізушілердің басым көпшілігі дұрыс демалмаудың салдары қауіпті болатынын жете түсінбейді. Әсіресе бұл жағдай ұзақ жолға және алыс сапарларға шығатын, ауыр жүк көліктерін жүргізетін немесе жолаушы тасымалдайтын көлік жүргізушілеріне қатысты.

Мәселен, 27 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 402-шақырымында Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі Шымкент қаласы бағытынан Алматы қаласына қарай көлік жүргізіп келе жатып, рөлде ұйықтап кетіп, жолда тұрақтап тұрған екі жүк автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Subaru Legacy жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қза тапты. Осы автокөліктің жүргізушісі және оның 3 жолаушысы, оның ішінде бір бала түрлі дене жарақаттарымен Тұрар Рысқұлов орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жамбыл облысының барлық тұрғындары мен қонақтарына трассадағы көлік қозғалысы кезінде көлік жүргізушісін бақылап, қадағалап отыруларыңызды сұраймыз. Көбіне жолаушылар жүргізушінің шаршағанын және ұйықтағысы келіп отырғанын біледі, көреді. Алайда мұндай жағдайға немқұрайлы қарайды. Ал, немқұрайлылық көп жағдайда ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Ержан Мананбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама