×

Семейде ер адам биік көпірге шығып, өзіне қол жұмсамақ болған

28 жастағы жігіттің мұндай әрекетке бару себептері анықталып жатыр

 Динара Амантай 30.09.2023 | 16:44
Фото: видеодан скриншот

Семейде ер адам биік көпірдің үстіне шығып, өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәлімемтінше, қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғыннан 28 жастағы азаматтың көпірдің аспалы құрылымына шығып алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ақпаратты растады.

Бұл ақпарат бірден Абай облыстық ТЖД-ның құтқару бөлімшелеріне жеткізілді. Полицейлер құтқарушылар келгенше жігітпен келіссөз жүргізді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, аспалы көпірдің бағанасына шығып, ер адамға жетіп, оны төмен түсірді.

Қазір 28 жастағы облыс тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, мамандар онымен жұмыс істеп жатыр. Ер адамның мұндай әрекетке бару себептері анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама