×

Шымкентте жалдамалы қойшы іздестіріліп жатыр

Ол 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен

 Динара Амантай 29.09.2023 | 16:45
Фото: polisia.kz

Шымкентте жалдамалы қойшы іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Абай аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын 48 жастағы інісінің жоғалғанын айтып арызданған. Ол маусымда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Әпкесінің айтуынша, бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Тансыкбаев Асен 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған. Егер, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама