×

Полиция ірі алаяқтықтың құрбандарын іздеп жатыр

28 жастағы әйел Қырыққа жуық адамның ақшасын иемденген

 Динара Амантай 29.09.2023 | 15:10
Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлер Қытайдан тауар алып келуге уәде беріп, 36 адамның ақшасын алып қойған алаяқтың құрбандарын іздестіріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке 28 жастағы әйел ілінген. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, ол Қытайдан халық тұтынатын тауарларды жеткізгені үшін азаматтардан ақша алған.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркелген тергеудің осы кезеңінде ресми арыз берген 36 адам жәбірленуші деп танылды. Бұл – жеткізуші мен сатып алушылар арасында менеджер (делдал) қызметін атқаратын сатып алушылар. Келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Жәбірленушілердің бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, біз оларды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-775-222-24-51; 8-777-080-97-97 және 8-701-125-38-30, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама