×

Таулы Қарабақтан Арменияға 85 мыңға жуық босқын жетті

Ал елдің премьер-министрі Никол Пашинян 40 мыңға жуық отбасын қабылдауға ғана дайын екендерін айтқан еді

 Еркеғали Болатұлы 29.09.2023 | 14:21
фото: Siranush Adamyan/AFP/Getty Images

Бүгінде Таулы Қарабақтан Арменияға 84 770 босқын жеткен. Оларға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланып отыр, деп хабарлады Sputnik Армения.

Бұған дейін елдің премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Таулы Қарабақтан 40 мыңға жуық отбасын қабылдауға дайын екенін айтқан еді.

Арменияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі Таулы Қарабақтан келетін отандастарға шұғыл мемлекеттік қолдау көрсетуді үйлестіру үшін платформа ашты, - деп хабарлады басылым.

Ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы ұлттық жиналысының сайтында 2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақта 150 мың 936 адам тұратыны хабарланған.

Еске сала кетсек, кеше ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ басшысы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзім ішінде «республиканың» қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама