×

XIX Азиада: Қазақстан спортшылары суға жүзуден финалға шықты

Финал бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де басталады

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2023 | 11:41
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары финалға шықты. 800 метр қашықтыққа еркін жүзу сайысының іріктеу кезеңінде Диана Тасжанова 8:48.46 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алып, финалға жолдама алды.

Сондай-ақ 4×100 метр қашықтыққа эстафеталық кешенді жүзу сайысында Қазақстанның әйелдер құрамасы 4:11.93 уақыт көрсеткішімен финалға шықты. Әйелдер құрамасында Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко өнер көрсетті.

Финал Астана уақытымен бүгін кешкі сағат 19:00-де басталады.

Тағы бір атап өтетін нәрсе, елімізге дзюдодан Азиада жүлдегерлері келді. Оларды Алматы әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды.

Азия ойындарында Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленсе, Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Шархан Нұрлыхан мен Есмигүл Куюлова қола жүлдегер атанған болатын.

Ал Азиададағы соңғы жаңалық, көгалдағы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Индонезия командасынан 2:1 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама