×

Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

Онда оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары белгіленген

 Динара Амантай 29.09.2023 | 09:27
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде іске асырылатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табады.

Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары – оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқығын қорғауды қамтамасыз ету.

Атап өтсек, білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тәрбиелеу оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар, факультативтер) арқылы іске асырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама