×

Ташкентте әуежай маңында қойма жарылды

Бір ер баланың қаза тапқаны туралы ақпарат шықты

 Дастан Жұмабекұлы 28.09.2023 | 10:44
Фото: uz.kursiv.media

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, таңғы сағат 2:43-те Сергелий ауданындағы қоймалардың бірінде қатты жарылыс салдарынан өрт шыққан. Бұл қойма Ташкент әуежайында орналасқан.

Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. 

Өрттің салдарынан зардап шеккендер республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына және оның Ташкент облыстық филиалына жеткізілді, –  делінген министрліктің хабарламасында.

Қазір өрт оқшауланып, жарылыстың себебі анықталып жатыр. Онымен Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі айналысуда.

Өзбекстан БАҚ-ның хабарлауынша, Ташкенттегі жарылыстың алдын ала себебі кеден қоймасында сақталған электромобильдерге арналған аккумуляторлар болуы мүмкін. Бірақ бұл соңғы және нақты мәлімет емес. Ал әлеуметтік желіде бір ер баланың қаза тапқаны айтылып жатыр.

Uzbekistan Airports жарылыстың әуежай жұмысына әсер етпегенін хабарлады.

Жарылыс толқыны эпицентрден 30 шақырым жерде де сезілген. Жақын маңдағы үйлердің терезелері мен есіктері сынған.

Олардың арасында ауыр зардап шеккендер жоқ. Қазір дәрігерлер халыққа қажет медициналық көмегін көрсетіп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы нақты ақпарат берілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама